«Алтын белгі» үміткерлерімен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қабдоллаұлы мектеп бітіруші түлектермен – «Алтын белгі» белгісіне үміткерлермен және оқуын үздік аяқтап жатқан оқушылармен жүздесті.

Қала басшысы оқушыларды өмір жолындағы маңызды кезеңнің аяқталуымен құттықтап, алдағы емтихандарда сәттілік, өз-өзіне сенімділік және болашақ мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауды тіледі. Әңгіме барысында әкім түлектердің қайда оқуға түсуді жоспарлап отырғанын, қандай мамандықтарды таңдағанын сұрады.

Өз сөзінде Гайдар Қабдоллаұлы қаламыздағы сұранысқа ие мамандықтар мен жұмыс орындарының жеткілікті екеніне тоқталып, жас мамандардың туған қаласына оралып, оның дамуына үлес қосуы маңызды екенін атап өтті.

Кездесу еркін әрі ашық форматта ұйымдастырылды. Оқушылар қала басшысына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кейбір мәселелер әкімнің тапсырмасымен білім бөлімі мен әкімнің орынбасарының бақылауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/996570?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді