
«Әлеуметтік әмиян» жобасын іске асыру аясында Шахтинск қаласының 12 мектебінде 5-11 сынып оқушыларын тегін тамақтандыру бөлігінде белгілі бір жеңілдіктерге құқығы бар отбасылардың мәртебесін анықтау бойынша жұмыс жүргізілді. «Әлеуметтік әмиян» жобасы мемлекеттік цифрландыру бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау жүйесін барынша ашық, атаулы және азаматтарға ыңғайлы болуы үшін әзірленді.
Нәтижелі жұмыс үшін мектеп қызметкерлерін жүйені тиімді пайдалану туралы ақпараттандыру мақсатында мектеп қызметкерлері мен барлық жауапты тұлғалар арасында семинарлар өткізілді.
Шахтинск қаласының мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» жобасы 5-11 сынып балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етудің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында енгізілді.
Жоба төмендегілерге мүмкіндік береді:
1) қағаз түріндегі құжаттарды тапсыруды қажет етпей, тамақпен қамтамасыз ету процесін автоматтандыру және жеңілдетуге;
2) оқушының өзіне қажетті тамақты алатынына көз жеткізуге;
3) кері байланыс функциясын қолдана отырып, берілген тағамның сапасын бағалауға;
4) тамақтану туралы ақпаратты жазып алуға және жеткізушілерге тек нақты көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге.
Жобаның күтілетін нәтижелері:
- мемлекеттік қолдаудың нақты мақсаттылығы;
- ата-аналар үшін ыңғайлылық пен бақылау;
- мектеп әкімшілігіне түсетін жүктемені азайту;
- жеткізушілер үшін әділ төлем кепілдігі.
Жобаны іске асыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/996725?lang=kk
Жауап қалдыру