
15 мамыр — халықаралық Отбасы күніне орай Шымкент қаласында «Бақыт мекені» спорттық квест ойындары өтті.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған бұл іс-шара А.Асқаров атындағы дендросаябақта болды.
— Отбасы — кез-келген қоғамның ұйытқысы. Сондықтан мемлекет отбасы институтын қолдауға, дәстүрлі отбасы құндылықтарын ілгерілетуге айрықша назар аударып отыр. Салауатты өмір салтын ұстанған отбасылардың бақытты болатыны анық. Сол себепті бүгінгі іс-шараның жас отбамыларға берері көп, — деген басқарма Әйгерім Жұмағұлова ойынға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жас отбасыларға арналған «Бақыт мекені» атты спорттық квест ойынына қатысушылар бірқатар шарттарға сай келуі тиіс еді. Атап айтқанда, өатысушылар Шымкент қаласының тұрғындары болуы керек. Бір команда 4 отбасы мүшесінен тұрады.
Команда құрамында 35 жасқа дейінгі ата-ана және 7–12 жас аралығындағы 2 бала болуы қажет. Міне, осы талапқа сай келген бірнеше отбасы ойындарға қатысты. Олар алдымен өздерін таныстырып, отбасылық ұрандарын айтты. Содан кейін олар квест тапсырмаларын орындауға кірісіп, өзара мықтыны анықтады.
«Шымкент келбеті»

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/996815?lang=kk
Жауап қалдыру