Биіктік, жылдамдық, дәлдік – халықаралық старттардың екінші күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 мамырда Уфа қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер және әйелдер арасындағы «Достық» Кубогына және «Алтын шабуыл сатысы» Халықаралық жарыстарының екінші кезеңі өтуде

«Кедергілермен 100 метрлік жолақтан өту» түрі бойынша Қазақстан Республикасының ерлер ұлттық құрамасы IV, ал әйелдер құрамасы III орын алды.

Ерлер арасында үздік нәтиже Абильбаев Дінмұхамед 15,79 секунд нәтижемен, әйелдер арасында Митрофанова Регина 16,48 секунд көрсетті.

16 мамырда жарыс 4х100м өрт эстафетасы бойынша жалғасады.

Жарыстар жалғасуда және көрермендерге тартысты әрі қызықты сәттерді уәде етеді. Қатысушылар тек спорттық шеберлігін ғана емес, өрт-құтқару қызметіне тән батылдықты, жылдамдықты және кез келген жағдайда көмекке келуге дайындықты паш етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kps/press/news/details/997272?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді