ЖАҢАҚОРҒАНДА «АЛТЫБАҚАН» ОЙЫН – САУЫҚ ӘН КЕШІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
15 мамырда Жаңақорған ауданында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші өтті. Халқымыздың асыл мұрасы ұлттық өнерімізді насихаттаған сапарда театр өнерпаздары барша көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, елмен қауышқан ерекше сәттерге толы болды.
 
Шараға аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Мақсат Нұралиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші, тележүргізуші «Алатау» дәстүрлі өнер театрының даму мәселесі жөніндегі орынбасары Қаракөз Сүлейменова және аудан тұрғындары қатысты.
 
Кеш соңында аудан әкімі «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұжымына өскелең ұрпаққа халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын дәріптеп, дәстүрлі өнеріміздің барлық бағыттарын ерекше қырынан көрсеткені үшін аудан жұртшылығы атынан алғысын білдірді.
 
Кешке қатысқан көрермендер театр ұжымының өнеріне ерекше зор қошемет көрсетіп, ұлттық өнерге деген құрметтерін білдірді.
 
Айта кетейік, «Алатау» дәстүрлі өнер театры Орталық Азиядағы жалғыз дәстүрлі өнер театры болып табылады.
 
Театр ұжымына сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/998016?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді