“Еңбегі адал жас өрен” жобасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Абай облысы білім басқармасы Аягөз ауданы білім бөлімінің “№ 8 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің 9,11 сынып оқушылары “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында “KazMineralsAktogay”ЖШС-нің ұйымдастыруымен оқушыларға кәсіптік бағыттағы танымдық экскурсия өткізді. Мақсаты: – Оқушыларды заманауи өндіріспен және оның даму перспективаларымен таныстыру. – Өндірістік кәсіптер туралы түсініктерін кеңейту, оларға деген қызығушылықтарын ояту.  – Технологиялық процестермен, ұйымдастырумен және еңбек жағдайларымен танысу.  – Болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру. Экскурсия барысында оқушылар компанияның технологиялық үдерістерімен танысты. Компания директоры Энтони Тодд мырзамен кездесу өтіп, қызықты сұхбат жүргізді. Оқушылар өте жақсы көңіл-күймен қайтты. Оқушыларға экскурсия ұйымдастырған KazMineralsAktogay” ЖШС-не алғысымызды білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/998099?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді