«Sevenbro» коворкинг орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ұйымдастыруымен ветеринариялық фельдшерлерге арналған биологиялық материалдарды іріктеу бойынша бір күндік тренинг өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Sevenbro» коворкинг орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ұйымдастыруымен ветеринариялық фельдшерлерге арналған биологиялық материалдарды іріктеу бойынша бір күндік тренинг өткізілді.

Тренинг барысында қатысушыларға биологиялық үлгілерді (қан, тін, т.б.) дұрыс алу, сақтау және тасымалдау ережелері түсіндіріліп, қазіргі заманғы зертханалық әдістер мен құралдар таныстырылды.

Тренингтің практикалық бөлімі «Ақ барыс» мал сою пунктінде өткізіліп, қатысушылар нақты жағдайларда өз білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.

Іс-шара ветеринария саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары арасында таралуы мүмкін аурулардың алдын алу мен күрес шараларын жетілдіруге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-veterinaria/press/news/details/998285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді