Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың жазғы кезеңінде Қостанай облысында бақылаудағы 12 қала сыртындағы лагерьлер қызметін жүзеге асыратын болады, оның ішінде 9 мемлекеттік және 3 жекеменшік.

Жыл сайын маусымдық қала сыртындағы лагерь ашылу алдында рұқсат құжатын алады – бұл объектінің санитарлық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды. Рұқсат құжатының болуы лагерьдің барлық қажетті санитарлық және эпидемиологиялық талаптарға жауап беретіндігін растайды.

Нысанды ашпас бұрын жазғы лагерьлердің басшылары дайындық жұмыстары мен жөндеу-қалпына келтіру іс-шараларын жүргізуі қажет. Балаларды кене шағуынан қорғау үшін лагерь аумағын кенеге қарсы өңдеуді жүзеге асырады, өйткені негізінен нысандар орман алқаптарында орналасқан. Жеткілікті көлемде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, ауыз су режимін ұйымдастыру. Ол үшін су желілері мен таза су ыдысын жуу және дезинфекциялау қажет. Өнеркәсіптік өндірістің (бөтелкедегі) ауыз суын пайдалану таңбалау және сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болған кезде жүргізілуге тиіс. Салқындатқыштарды орнату кезінде оны көзделген нұсқаулыққа сәйкес жуу және өңдеу қамтамасыз етіледі.

Ыстық сумен жабдықтауды (су жылытқыштарын орнату) көздеу керек: ыстық су барлық ванналарға, душқа, кір жуатын орындарға, қолжуғыштарға, оның ішінде санитарлық тораптарда, асхана залдарында, тұратын орындарда, медициналық және сауықтыру қызметтерін көрсетуге арналған үй-жайларда, сондай-ақ араластырғыштарды орната отырып, ас блогындағы технологиялық жабдыққа жеткізіледі.

Балаларды шомылу күнтізбелік жеті күнде кемінде бір рет жүргізіледі. Бір ұйықтайтын орынға кемінде екі төсек-орын жиынтығының болуы көзделеді. Жатын бөлмелер ұлдар мен қыздарға бөлек қарастырылады.

Су қоймалары 3 саяжай лагерінде, ал 2 бассейнде бар. Шомылу маусымы басталар алдында лагерь әкімшілігі су мен топыраққа зертханалық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді. Суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделеді, су айдынының түбін тазарту жүргізіледі: тереңдігі балалар шомылатын жерлерде 0,7-ден 1,3 м-ге дейін болуы тиіс, шомылуға арналған су бетінің шекарасы жарқын, қалқымалы сигналдармен белгіленеді.

Жағажайдың аумағы күннен қорғайтын шатырлармен, шезлонгтармен және орындықтармен, киім ауыстыруға арналған кабиналармен, ойын құрылғыларымен, сондай-ақ күн ванналарын қабылдауға арналған солярийлермен, аэрарийлермен жабдықталады.

Сауықтыру лагерінің асханасы қажетті технологиялық, тоңазытқыш жабдықтармен, ас үй және асхана ыдыстарымен жеткілікті мөлшерде жарақтандырылады. Инженерлік коммуникациялар мен жүйелерді тексеру және дезинфекциялау жүргізіледі. Тиісті біліктілігі және медициналық тексеруі бар персонал ас блогында жұмыс істеуге жіберіледі.

5 рет тамақтану ұйымдастырылады, мәзірді лагерь басшысы бекітеді, сондықтан ата-аналарға үй өнімдерін берудің қажеті жоқ. Азық-түлік өнімдерін тасымалдау үшін арнайы көлік қолданылады. Медицина қызметкері күн сайын ас блогының жұмысын бақылауды жүзеге асырады.

Барлық лагерьлерде медициналық қызмет көрсету көзделеді. Балаларды сауықтыру ұйымына қабылдау денсаулық жағдайы туралы құжат (071/у нысаны бойынша”Сауықтыру лагеріне баратын оқушыға медициналық анықтама” және жұқпалы аурулармен байланысының жоқтығы туралы анықтама) болған кезде жүргізіледі.

Объектіде санитарлық талаптарды сақтау балалардың сауығуы мен демалысын сапалы және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/998408?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді