Қала әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы бірқатар нысандар мен құрылыс алаңдарын аралады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы бірқатар нысандар мен құрылыс алаңдарын аралады.

Алдымен «Ұлы дала» шағын ауданындағы жылу желілерін кеңейту жұмыстарымен танысып, құрылыс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.Шағынаудан бойынша мамыр айының 25-не 44 үйге ыстық су беріледі.Қалған 66 көпқабатты үйлер 1-ші шілде күні ыстық суға қосылатын болды.

Қала әкімі 15 шағын ауданда құрылысы аяқталған ХҚКО-ның ғимаратын көрді. Мекеме ашылса күніне 250-300 адамға дейін қызмет көрсете алады және заман талабына сай жабдықталған.Сондай-ақ, жапсарлас құрылысы аяқталған «Неке қию» орталығымен танысты. Мекеме қызмет көрсетуге ашылса қаладағы жастардың некесін қиятын жалғыз мемлекеттік орталық болады. Бақытжан Орынбеков дәл осындай жобаны қаланың бірнеше жеріне салу қажеттілігі барын атап өтті.

Бұдан бөлек шаһар басшысы «Түйте» каналының қайта жаңғырту абаттандыру жұмыстарын назарға алды. Жауаптыларға жасыл алаңдарды қайта егіп, тал-дарақтарды уақытында суғару жұмыстарын тапсырды. 1,7 шақырымнан асатын «Түйте» каналының бойы демалыс аймағына айналған. Жақын күндері арнайы ашылу рәсімі өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/998466?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді