Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Пара дзюдо: Астанада ұйымдастырылған пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде еншілеп, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады.

Көркем гимнастика: Сингапурда өткен көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы топ жарды. Сондай-ақ Қазақстан командасы топтық сайыста да алтын және күміс жүлделерге қол жеткізді.

Шахмат: Біріккен Араб Әмірлігінің Әл-Айн қаласында өткен классикалық шахматтан Азия чемпионатында Ксения Балабаева қола медаль жеңіп алды.

Ауыр атлетика: Қытайдың Цзяншань қаласында мәресіне жеткен Азия чемпионатында Пётр Хребтов – қола медаль, Артём Антропов – күміс медаль олжалады.

Таеквондо: Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өткен таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жерлестеріміз ел қоржынына бес медаль (2 алтын, 1 күміс және 2 қола) салды.

Спорттық гимнастика: Словенияның Копер қаласындағы Challenge Cup кезеңінде Диас Тойшыбек топ жарса, Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдеге қол жеткізді.

Теннис: Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өткен әйелдер арасындағы ITF W50 турнирінде топ жарды. Ал ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик Италиядағы челленджер турнирінің чемпионы атанды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/998367?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді