
📌 Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының қызметкерлеріне әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиынды облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Нұрсұлтан Аманғали өткізді.
📍 Кездесу барысында:
✅ Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау;
✅ Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын ұстану;
✅ Ойын мекемелеріне бармау, әріптестерге діни нанымдарды таңбау және қызметкерлерді діни бірлестіктердің қызметіне мәжбүрлемеу мәселелері талқыланды.
💼 Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру бойынша консультациялық көмек көрсетілді.
✔️Бұдан бөлек, ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетін бағалау мақсатында анонимді сауалнама жүргізілді.
🔹 Мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау – ашық әрі жауапты басқарудың кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/998325?lang=kk

Жауап қалдыру