
Бүгін Д.Қонаев атындағы N66 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі – Тердікбай Күшай мырзамен кездесу өткіздік. Қаланың математика, физика және информатика мұғалімдерінің қатысуымен аса мазмұнды шара өтті.
45 жыл өтілі бар ұстаз, оқу-әдістемелік кешен, бағдарламалар, оқу құралдарының авторы, білім саласының жоғары марапаттарының және осы мемлекеттік награда иесі – Күшай мырза тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар қызықты сауалдар қойып, ашық диалог форматындағы мағыналы кездесу болды. Жастарға үйрететіні мол ұстазға бас иіп, алғыс білдіріп, шығармашылық табыс, тың бастамаларына жетістік тіледік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-astana/press/news/details/997868?lang=kk

Жауап қалдыру