АУДАН ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың Нұра ауданы халқымен кездесулері басталды. Осыған орай Қарой, Заречное, Тассуат, Кәрім Мыңбаев, Кертинді және Ақмешіт ауылдарына жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Кездесулер барысында аудан басшысы ауылдық округ әкімдерінің өткен жыл мен ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстары жөніндегі есептерін тыңдады. Жергілікті тұрғындар тарапынан жер пайдалану, жұмыспен қамту, қоқыс шығару, жолдарды жөндеу және тұрғын үй кезегі мәселелері көтерілді.

Аудан әкімі көтерілген әрбір сұрақты мұқият тыңдап, жедел шешімді қажет ететін мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Ал ұзақмерзімді шешімді талап ететін мәселелер хаттамаға енгізіліп, тиісті мекемелерге жолданды.

Кездесулерге ауыл әкімдерімен бірге білім беру, денсаулық сақтау, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларының жауапты басшылары да қатысты. Бұл тұрғындардың мәселелерін жергілікті деңгейде бірлесіп талқылауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік берді.

Мұндай кездесулер халықпен тығыз байланыс орнатуға, жергілікті жерде қордаланған мәселелерді уақытылы анықтап, шешімін табуға ықпал етеді. Әкім мен халықтың тікелей диалогы – ашықтық пен сенімге негізделген мемлекеттік басқарудың маңызды үлгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/997792?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді