
Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда мына мекен-жайларда су алу жұмыстары жүргізілді:
– №12 автомобиль жолы, «Евразия» банк маңы;
– 17-шағын аудан, Халық арена;
– №24 және №31 автомобиль жолының қиылысы, «Кеден» ғимаратының маңы;
– 16 шағын аудан, «Инара» ТҮК-нің маңы;
– 31Б және 32Б шағын аудан аралығы;
– №29 автомобиль жолы, Хазар базары;
– 31 шағын аудан, Сары базар.
Бұл жұмыстарға 23 қызметкер, 5 техника және 7 мотопомпа, 2 бойлер жұмылдырылды. Автомобиль жолдарынан 380 м3 су алынды. Су алу жұмыстары жалғасуда.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/997723?lang=kk

Жауап қалдыру