«Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ тұрақты негізде электрондық қызметтерді танымал ету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
2024 жылғы 13 мамырда ауылдық округ маманы eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу, сондай – ақ интернет-алаяқтық мәселелері бойынша ауыл тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша түсініктемелер берілді:
1. «Электрондық-цифрлық қолтаңба алу»;
2. «Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама»;
3. «Соттылықтың болмауы туралы анықтама»;
4. «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу».
Электрондық қызметтерді танымал ету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде 10 адам қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chistopolye/press/news/details/997667?lang=kk
Жауап қалдыру