
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров Ақсу – Аюлы ауылына тартылып жатқан кәріз жүйесі бойынша жауапты құрылыс мердігерлерімен кездесті. Кездесуде жобаның келесі кезеңдері және құрылыс жұмыстарының сапасы, қазылған орындарды қайта қалпына келтіру мәселелері көтерілді.
Мердігер аудан орталығын кәріз жүйесімен қамту жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Жалпы жоба бойынша ұзындығы 34 шақырым кәріз құбыры тартылады.
Қазіргі таңда кәріз жүйесі жүргізілген көше жолдарын қайта қалпына келтіру үшін тас төсеу жұмыстары атқарылуда.
Аудан басшысы тиісті бөлім басшысы мен мердігер өкіліне құрылысты жүйелі түрде жүргізіп, ең алдымен сапаны назарға алып, аталған кәріз жүйесінің құрылысын өндірістік кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ құрылыс мәдениетін сақтай отырып, тұрғындар тарапынан наразылық тудырмай қазылған орындарды дер кезінде қайта қалпына келтіруді ескертті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/997483?lang=kk
Жауап қалдыру