Алматы облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды. Есірткі өндірісі Талғарда орналасқан фермалардың бірінде ұйымдастырылды. Тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 кг дайын өнім, мефедрон тәркіленді.
Осылайша, жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді.
Есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеміз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/997190?lang=kk

Жауап қалдыру