
Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің қолдауымен Сарыағаш қаласындағы №71 жалпы білім беретін мектебінде оқушылар арасында асық атудан аудандық жарыс өтті. Жарыстың ерекшелігі оқушылар әкелерімен қатысты.
Асық ату жарысында жеңіске жеткен қатысушылар, нағыз шеберліктерін көрсетіп, бас жүлдені Ахмет Мейірбек, I орынды Байбек Әбдінұрбақыт, II орын Қоныс Ален, Құсайбек Ерзаттар иеленді. ІII орынды М.Намазбаев, Дүйсенбек Ерсайын, Амангелді Мейірлан және №76 жалпы орта мектебі қанжығасына байлады. Жеңімпаз және жүлдегер атанған сайысқа қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Жарыстың мақсаты- ұлттық ойын түрін жаңғырту, асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке ептілікке баулу.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/996847?lang=kk

Жауап қалдыру