Балалардың сауықтыру лагерлеріне қойылатын талаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалардың сауықтыру ұйымын ашу және оның жұмыс істеуі үшін негізгі талаптардың бірі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы болып табылады. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бұл – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектілері халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды балалардың келуіне дейін балалардың сауықтыру ұйымының дайындығын тексеру сәтінде беріледі.

Мектеп жанындағы лагерьлерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу талап етілмейді! Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды мектепке объект ретінде болуы керек.

Сауықтыру ұйымдарын ұстауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалармен регламенттелген, 2024 жылғы 15 қазанда өзгерістер енгізілген.

Осы нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынғанға дейін сауықтыру маусымы ашылғанға дейін сауықтыру ұйымдарында жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі: үйлерді жөндеу жұмыстары; ауыз суды зерттей отырып, сумен жабдықтау құрылыстары мен желілерін профилактикалық жуу және дезинфекциялау, аумақты тазалау және абаттандыру; профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шараларды жүргізу.

Балалардың сауықтыру ұйымдарында санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтау, жеткілікті көлемде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, ауыз су режимі мен тамақтануды дұрыс ұйымдастыру, тамақ өнімдерін жеткізу, тасымалдау және сақтау шарттарының сақталуын қамтамасыз ету – тамақтан уланудың, ішек және басқа да инфекциялардың алдын алудың маңызды шаралары.

Ережелерді сақтау – балалардың сапалы және қауіпсіз демалуының кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/996845?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді