
Жаңаcемей ауданының Шақаман ауылында ет және ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды. Өңір үшін маңызды нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, «Eurasia Agro Semey» ЖШС құрылтайшылары ағайынды Сайлау, Ерлан Мұқашевтар қатысты.
Ет және ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешен бір ауысымда 35 тонна ет өнімін өңдеуге мүмкіндік береді. Мұнда ірі қара, қой және жылқы етін өңдеу арқылы сапалы шұжық, консервіленген өнімдер, жартылай фабрикаттар мен жоғары санатты ет деликатестері өндіріледі. Бұл өндіріс тері-былғары саласына қажетті шикізатты ұсыну арқылы өңірде толық өндірістік тізбекті, яғни өндірістің экожүйесін қалыптастырады. Сонымен қатар қалдықсыз технологияларды қолдану арқылы экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/996666?lang=kk

Жауап қалдыру