
Ақтоғай ауданында жастармен кездесу: Президент Жолдауының түсіндірмесі және жастар бастамаларын дамыту
2025 жылдың сәуір айында Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Айсұлу Әлімжанқызы Ерниязова Ақтоғай ауданының жастарымен кездесу өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналды.
Кездесу барысында ел дамуының басты бағыттары талқыланды:
•Заң үстемдігі мен ашықтыққа негізделген әділетті қоғам құру;
•Жастар кәсіпкерлігі мен бастамаларын қолдау арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
•Қоғамдық оптимизмді арттыру үшін азаматтық институттарды нығайту және әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру.
Жұмыс сапары аясында Айсұлу Ерниязова Ақтоғай ауданындағы коворкинг-орталықтың қызметімен танысып, жергілікті жас кәсіпкерлердің жобалары мен жастардың аймақты дамытуға бағытталған бастамаларын көрді. Сонымен қатар, белсенді жастармен бейресми кездесу өткізіліп, өңірдегі жастар жобаларының өзекті мәселелері мен даму болашағы талқыланды.
Жастар – мемлекеттің басты ресурсы және болашағы. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жас көшбасшылардың бастамаларын қолдауға, олардың әлеуетін дамытуға және өздерін жүзеге асыруға мүмкіндік жасауға ерекше мән береді.
Мұндай кездесулер мемлекеттік билік пен жас ұрпақ арасындағы диалогты нығайтып, аймақтағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған идеялар мен жобаларды қолдауға септігін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/996639?lang=kk

Жауап қалдыру