Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған дөңгелек үстел

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 мамырда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ-де «Абай Құнанбаев және сөйлеу мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Абай – қазақ халқының рухани дүниесінің шамшырағы, ұлт тілінің, әдебиетінің асқар биігі. Ол өз шығармашылығында тілді шеберлікпен қолданып, оның байлығы мен бейнелігін, көркемдік қуатын терең көрсете білді.

Абай поэзиясы – қазақ тілінің бай сөздік қорының, фразеологиялық, синтаксистік мүмкіндіктерінің жарқын айғағы. Ол өз заманында тілді тазарту, мәнерлі сөйлеу, ойын нақты жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударды. «Сөзіне қарағанда ісі бөтен» деп, тіл мен ойдың, сөз бен істің үйлесімін талап етті.

Абайдың «қара сөздері» – тіл мәдениетінің үлгісі. Онда қазақ тілінің философиялық тереңдігі, логикалық жүйелілігі мен шешендік дәстүрлері көрініс табады. Әсіресе, жастарды ана тілін сүюге, орнымен қолдануға, сөздің қадірін түсінуге баулитын ой-толғамдары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Бүгінгі тіл саясаты жағдайында Абай мұрасы – мемлекеттік тілді дамытуда, тіл мәдениетін көтеруде аса құнды рухани құрал. Ол – тіл үйренушілер үшін де, тіл саясатын жүзеге асырушылар үшін де бағдаршам іспеттес.

Қорытындылай келе, мынаны айту керек: Абай-қазақ тілінің ұлы ұстазы ғана емес, сонымен қатар сөйлеу мәдениеті саласындағы көрнекті тәлімгер. Біз оның сөздерінен, ойларынан және рухынан шабыт алып, ана тілінің беделін арттыру үшін жұмыс істеуіміз керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/press/news/details/996316?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді