«ТОЙ МӘДЕНИЕТІ – ҰЛТ МӘДЕНИЕТІ» атты асабалар алаңының алғашқы жиыны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбылда «Асабалар алаңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының қолдауымен алғаш рет асабалар жиыны өтті.

Жиынды той мәселесін алғаш көтерген облысымыздың ардагерлер кеңесінің атынан Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Қонысбай Қуандықұлы ИЛЬЯСОВ ашып сөз сөйледі. Сонымен қатарн бұл тақырыпта көп қалам тербеген ақсақалдарымыздың бірі медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Ордабекұлы ОРДАБЕКОВ, Жамбыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, «Гауһартас», «Інжу-маржан» ресторандарының басшысы Меруерт Қаттабайқызы ЛЕШТАЕВА, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облыстық филиалының оқытушысы, этнограф Тәтті Мадиярқызы ОРЫНТАЙ, Қордай ауданынынң тұрғыны, той жанашыры, асаба Еркінбек Спанұлы ҚҰТТЫҚОВ, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының директоры, журналист ЖАСҰЛАН ЛЕСБЕКҰЛЫ ӘБДІХАЛЫҚ сөз сөйлеп, баяндама жасады.

Жиын соңында «Асабалар алаңы» қоғамына мүше болған 33 өнерпаз асабаға куәлік пен төсбелгі тапсыру рәсімі өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/996197?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді