Оралда полицейлер есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жедел-іздестіру шаралары барысында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласындағы жеке тұрғын үйдің ауласынан есірткі заттары бар деген күдікпен өсірілген өсімдіктер орналасқан екі жылыжайды анықтады. 55 жастағы жергілікті тұрғын жылыжайларда заңсыз өсімдіктер өсіріп келген. Барлығы 37 түп өсімдік тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция мұндай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/996187?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді