Нұркен Кобжанов ТДМ-ға қол жеткізу мәселелері бойынша семинарға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасымен ұйымдастырылған “Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі мемлекеттік қаржының рөлі” тақырыбындағы семинарға қатысты.

Іс-шараға Сенат Төрағасының орынбасары О.В.Перепечина, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР мәслихаттарының төрағалары, мемлекеттік органдардың, ғылыми институттардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ольга Перепечина өз сөзінде семинар тұрақты даму саласындағы ұлттық міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі Парламенттік комиссия жұмысының қисынды жалғасы болып табылатынын атап өтті. “Біз, Сенат депутаттары мен Тұрақты даму саласындағы ұлттық міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссия мүшелері үшін бюджет қаражатын тиімді пайдалану тетіктерін түсіну – 2030 жылға дейінгі күн тәртібін табысты іске асырудың негізгі факторы. Мемлекеттік қаржы – бұл ресурстарды орнықты даму саласындағы аса маңызды міндеттерді шешуге бағыттай алатын қуатты құрал”, – деп атап өтті сенатор.

Семинар барысында ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, бюджеттік шығыстардың тиімділігін бағалау және өңірлік ерекшелікті есепке алу үшін деректерді талдау, бюджеттік сыныптаманы өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және функционалдық талаптарға бейімдеу қажеттілігі және т.б. мәселелер талқыланды.

Бұл семинар тәжірибе алмасу, халықаралық тәсілдерді зерделеу мен ашық, жауапты және мақсатты бюджеттік саясатты қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/995596?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді