
Орал қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық “Абай” оқулары өтті. Байқауға 5 номинация бойынша 60 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты.
🎯 Байқаудың мақсаты – Абай мен Шәкәрім шығармалары арқылы жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани мұраларды дәріптеу.
Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алды:
🏆 “Абайдың асыл мұрасы” – Сансызбай Жанерке (Бөкей ордасы ауданы)
🏆 “Абайдың ақын шәкірттері” – Максим Інжу (Орал қаласы, №37 мектеп)
🏆 “Әнді сүйсең менше сүй” – Талғатқызы Айсауле (Казталов ауданы)
🏆 “Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” – Жұмабай Арнұр (Тасқала ауданы)
🏆 “Сөз өнеріндегі Абай бейнесі”– Әмір Ләйлім (Орал қаласы, Ә.Молдағұлова ат. МЛ)
✍️ Ұлы ойшыл шығармаларына терең бойлаған өрендерге республикалық сайыста сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/995586?lang=kk

Жауап қалдыру