Ақтөбелік оқушылар күн сәулесінен қуат алатын құрылғы ойлап тапты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе орта мектебінің 3-сынып оқушылары Аманғалиев Әмір мен Қуантай Ахмедияр жетекшісі Серікова Аружан Қанатқызымен бірге күн батареяларына негізделген мобильді қуат көзін ойлап тапты. Жас зерттеушілердің бұл өнертабысы табиғатты қорғау мен жаңашыл технологияларды дамытуға бағытталған.

Жобаның басты мақсаты баламалы, экологиялық таза энергия көздерін күнделікті өмірде қолдану арқылы қоршаған ортаны сақтау. Оқушылар жасаған құрылғы күн сәулесін электр энергиясына айналдырып, оны аккумуляторда сақтайды. Бұл қуат кейін смартфон мен планшет сияқты құрылғыларды зарядтауға қолданылады.

Мобильді қуат көзінің басты артықшылықтары:

Экологиялық қауіпсіздік қоршаған ортаға зиянсыз

Қолжетімділік – күн сәулесі бар кез келген жерде қолдануға болады

Ыңғайлылық жинақталған қуатты жолда, табиғатта, тіпті мектепте де пайдалануға болады

«Күн – сарқылмас энергия көзі. Біз осы шексіз қуат мүмкіндігін тиімді пайдаланып, болашаққа үлес қосқымыз келеді», – дейді өнертапқыш оқушылар.

Олардың бұл жобасы «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының облыстық кезеңінде І орын иеленіп, үздік деп танылды.

Жас өнертапқыштар болашақта құрылғыны жетілдіріп, күн энергиясын барша халыққа қолжетімді етуді мақсат етіп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/995340?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді