
9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыстық мәслихат депутаттары СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған тыл ардагерлері, қоғам өкілдері және солтүстікқазақстандықтармен бірге Мәңгілік алау мен Жеңіс саябағындағы Стелаға гүл шоқтарын қойып, батырларымыздың ерлігіне тағзым етті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Солтүстік Қазақстан облысынан 90 мыңнан астам адам майданға аттанды. Олардың үштен бірі майдан даласынан оралмады. Бұл сандар біздің облыстың ғана емес, бүкіл елдің шығындарының ауқымы туралы айтады.
Жеңіс күні – халқымыздың қайсарлығы мен ерлігінің мәңгілік символы. Біз бейбіт өмір мен еркіндік сыйлаған аға буын алдында бас иеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз құрмет пен алғысымызды білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/994713?lang=kk

Жауап қалдыру