«Жеңіс рухына тағзым»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңіс күні – халқымыздың тарихындағы ең маңызды және қастерлі мерекелердің бірі. Бұл күн – Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен аталарымыздың батырлығы мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін еске алып, тағзым ететін күн. Осыған орай, 2025 жылғы 9 мамыр күні облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры Ыбырайым Сүлейменовтың ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді. Іс-шара барысында ардагерге құрмет көрсетіліп, жеңіс жолында жанын қиған боздақтардың рухына тағзым жасалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/994349?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді