Астаналық спортшы қыз халықаралық ат спорты кубогында алтын медаль иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сеул қаласында өткен Азия Ат спорты федерациясының кубогы өз мәресіне жетті. Бұл турнирге 15 елдің өкілдері қатысты. Астана қаласының спортшысы Малика Серік жарыстың алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа Аустралия, Оңтүстік Корея, Гонконг, Малайзия, Таиланд, Өзбекстан, Үндістан, Индонезия, Жапония, Палестина, Жаңа Зеландия, Филиппин, Оман, Хорватия және Қазақстан елдерінен келген спортшылар қатысты.

Жарыстың сенсациясы – Астанадан қатысқан жас спортшы Малика Серіктің өнер көрсетуі болды. Ол «жасөспірімдер» санатында биіктігі 100 см болатын маршрутта 1-орынды сенімді түрде иеленді. Бұл – оның халықаралық аренадағы алғашқы жеңісі.

«Бұл оның халықаралық жарыстардағы дебюті болды және ол өзін өте жақсы қырынан көрсетті. Біз оның жетістігімен мақтанамыз», – деді спортшының жеке жаттықтырушысы Ержан Мағжаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/999765?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді