Қарақия ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу шаралары бойынша комиссия отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️Қарақия ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында кезекті комиссия отырысы өткізілді.

⚜️Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Күн тәртібінде кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізудің өзекті мәселелері талқыланып, ағымдағы жағдайға сараптама жасалды.

⚜️Отырыс  барысында қатысушылар жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік мәселелердің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, салааралық өзара іс-қимылды күшейту, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жандандыру сынды нақты тапсырмалар берілді.

⚜️Жиын соңында барлық мүдделі мекемелерге бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеп, оның аясында мектептерде ақпараттық-танымдық кездесулер өткізу, психологтардың қатысуымен кеңестер ұйымдастыру, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1000045?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді