ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА ШЫҒЫСТАНУШЫ ҒАЛЫМ ИСЛАМ ЖЕМЕНЕЙМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай және Шығыс» тақырыбында шығыстанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Ислам Жеменеймен кездесу өтті.
 
🔹 Шараның модераторы – М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мақсат Әліпхан.
 
🔹 Кездесу аясында танымал абайтанушы, философия ғылымдарының докторы, теолог Досым Омаров «Абай іліміндегі адамның жетілу жолы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы байланысқа шығып, баяндама жасады. Сонымен қатар ғылыми басқосуға тарих және философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай қатысып, өзінің мазмұнды ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
 
🔹 Іс-шара соңында кітапхана директорының орынбасары Ернұр Сауғамбаев қатысушыларға өз алғысын білдіріп, кітапхана директорының атынан алғыс хат пен арнайы сыйлық табыстады.
 
Айта кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты – Абай мұрасының Шығыс философиясы мен әдебиетімен байланысын тереңінен ашу, жас ұрпақтың рухани-мәдени дүниетанымын кеңейту, әрі Абай ілімін қазіргі заман тұрғысынан жаңаша пайымдау.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1000239?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді