
Құрметті әріптестер!
📌2024–2025 оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты департамен ресми түрде келесіні қайталап ескертеді. Оқу жылының
аяқталуына арналған іс-шаралар аясында бітіру кештерін өткізу, сыйлықтар алу,сыныптарды безендіру, емтихан кезінде дастархан ұйымдастыру және өзге де мақсаттар үшін ата-аналардан ақша жинауға жол берілмеуі тиіс.
📌Мұндай ақша жинау әрекеттері заңсыз болып табылатындығын
естеріңізге саламыз.
Көптеген білім беру ұйымдарының басшылары әлеуметтік
желілерде қаражат жинауға жол берілмейтіні туралы ашық мәлімдеме жасап, осы арқылы Министрліктің ұстанымын қолдады.
📌Сіздерді педагогтерге, ата-аналарға
және оқушыларға үлгі болуға шақырамыз.
Біз аса маңызды миссияны атқарып келеміз — адал, әділ және жауапкершілігі жоғары азаматтар ұрпағын тәрбиелеудеміз. Балаларға сенім,
ашықтық және заңдылық қағидаттарының әділетті әрі тұрақты қоғамның негізіекенін өз ісімізбен көрсетіп, оларға әрдайым үлгі болуымыз қажет.
📌Ата-аналар білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинау орын
алған жағдайда аумақтық департаментке жүгіне алады.
📌Департамент өз құзыреті шеңберінде қолданыстағы
заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдайтын болады.
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-mangystau/press/news/details/1000215?lang=kk

Жауап қалдыру