Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары
мен қонақтары!
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар
департаменті 2025 жылғы 22 мамырда сағат
09:00-де «Өрт-2025» Республикалық командалық
штабтық оқу-жаттығу шеңберінде және облыстық
құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу
мақсатында, электрдабылдар қосылатынын
хабарлайды.
Осыған орай, Сіздерден үрейге салынбауларыңызды
және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ Жетісу облысының ТЖД Сіздерге
Төтенше жағдайлар орын алғанда жағдайда
электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп
ережелерін еске салады.
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
-радио және теледидарды қосыңыз;
-шұғыл хабарды тыңдаңыз;
-берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:
-көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және
жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін
шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
– берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-tastobe/press/news/details/1000212?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді