ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ — АҚТӨБЕГЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев жергілікті билік өкілдерімен, депутаттық корпуспен және жұртшылықпен кеңейтілген кездесу өткізді.

Сапардың негізгі мақсаты — өңірді дамытудың басым міндеттерін талқылау, Орталық және жергілікті билік органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ кейіннен заңнамалық қарау үшін ұсыныстар жинау болды.

Кездесуге облыс әкімі Асхат Шахаров, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық кеңес пен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.

Кездесуді аша отырып, Мәулен Әшімбаев сындарлы пікір алмасу және жергілікті жерлердегі проблемаларға жедел ден қою үшін осындай диалог алаңдарының маңыздылығын атап өтті.

«Сенат диалог үшін ашық. Біз сіздерің бастамаларыңыз заңдар мен нақты істерде көрініс табуы үшін бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз күшті және гүлденген мемлекет құра аламыз», – деді Сенат Төрағасы.

Ол сондай-ақ Ақтөбе облысы елдің тарихы мен қазіргі дамуында ерекше орын алатынын атап өтті. Аймақ аумағы бойынша ірі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанға Мөнке би, Есет батыр, Қазанғап, Ахмет және Құдайберген Жұбановтар, Әлия Молдағұлова сияқты көптеген көрнекті тұлғаларды сыйға тартқан бай рухани мұраға ие. Бүгінде облыс мәдениеттің дамуына үлес қосуды жалғастыруда және оның көрнекті өкілдерінің бірі — әлемге әйгілі әртіс Димаш Құдайберген.

Сенат Төрағасы өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын іске асыру жөніндегі жергілікті биліктің күш-жігерін жоғары бағалай отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше назар аударды.
«Өңір оң динамиканы көрсетіп отыр. Инвестицияларды тарту және нақты секторды қолдау есебінен мұнда ауқымды жобалар іске асырылуда. Жыл басынан бері облысқа 210 миллиард теңгеден астам қаржы тартылды. Бұл маңызды көрсеткіш», – деп Сенат Төрағасы жоғары көрсеткіштерге назар аударды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1000437?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді