
Бүгін мектептерде аралық және қорытынды емтихандар тапсыру кезеңі басталды. Емтихандар 16 маусымға дейін жалғасады.
Биыл екінші жыл білім алушылардың оқу бағдарламаларын игеруін, оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8,10 сыныптар үшін 30 мамырға дейін қазақ тілінен емтихандар өтеді, Семей қаласы мектептерінде 22 135 білім алушы қазақ тілінен емтихан тапсырады.
Емтиханның нақты уақытын оқу орындары өздері белгілейді. Емтихан екі бөліктен тұрады: жазбаша және ауызша. Оқушылар эссе жазады, сондай-ақ, мәтінді оқу, әңгімелесу және мәтінді тыңдап түсіну бойынша өз шеберліктерін көрсетеді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1003988?lang=kk

Жауап қалдыру