
2025 жылдың 28 мамыр күні Облыстық балалар клиникалық ауруханасында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жүрек-қантамыр жүйесі аурулары мен қан тамыр мальформациясы бар балаларға мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімді ету.
Іс-шара аясында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының кардиохирургі мен қан тамыр хирургі арнайы шақырылып, кеңес беру жүргізді. Балалар мен ата-аналарға білікті мамандардан тегін консультация алу, тексеруден өту және емдеу бойынша нақты ұсыныстар алу мүмкіндігі берілді.
Негізгі басымдық туа біткен және жүре пайда болған патологияларды ерте анықтауға, жеке бақылау жоспарын құруға және қажет болған жағдайда мамандандырылған орталықтарға жолдауға бағытталды.
Бұл шара аймақтық және республикалық медициналық мекемелердің тиімді әріптестігінің нақты көрінісі болып, балалар кардиохирургиясын дамытудың маңызды қадамына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1007162?lang=kk

Жауап қалдыру