ЖАҢАҚОРҒАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДЕПТІК ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

29 мамыр күні Жаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Нажмедденұлы Әбдіқадыр қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге арналған түсіндірме жиыны өтті.

Жиынның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіру және қызметтік әдепті қалыптастыру.

Жиынға аудан әкімдігінің аппарат басшысы Рүстем Рәбілұлы Ибрагим және мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Басқосу барысында қызметтік әдебі, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы және моральдық-этикалық нормаларға қатысты мәселелер кеңінен сөз болды.

Сондай ақ, елімізде соңғы жылдары құмар ойындарға тәуелділік пен лудоманияның кең етек алып келе жатқанына да тоқталып өтті. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілерге заңмен ойын бизнесіне қатысуға қатаң тыйым салынғаны, сондай-ақ, осындай тәуелділіктің қызметтік этика мен қоғамдық абыройға төндіретін қатерін кеңінен түсіндірді.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан пікір алмасу болып, мемлекеттік қызметшілер тарапынан заң талаптарын бұзбау, әдеп нормаларын сақтау сынды ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1007733?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді