
29.05.2025 жылы Жайнақ батыр ауылының тұрғындарымен кездесіп, округ жағдайымен танысу үшін арнайы сапармен “AMANAT” партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арын Арыстанғали Қадырұлы келді. Сонымен қатар “Алматы және Жетісу облысының кәсіподақтар төрағасы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы, Жетісу облыстық мәслихат депутаты – Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы, партияның Керұлақ аудандық филиал төрағасы – Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы, “Дәурен” шаруа қожалығының жетекшісі, Кербұлақ аудандық мәслихат депутаты – Есимов Бақытбек Сансызбайұлы округ тқрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған көкейкесті сұрақтарға жауап беріліп, округ ауылдарының мәселелері көтерілді. Атап айтсақ: Жайнақ пен Жаңалық ауылының аудандық маңызы бар жолы, Қарымсақ ауылының ішкі көше жоладары, Доланалы ауылының жарықтандыру жұмысы және Жайнақ батыр ауылын кесіп өтетін обылстық маңызы бар жолға жол белгілерін орнату мәселелері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-zhainak-batyr/press/news/details/1007974?lang=kk
Жауап қалдыру