Өзіңізді және отбасыңызды ішек инфекцияларынан қорғаңыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ыстық кезеңнің басталуымен жедел ішек инфекцияларының және тамақтан уланудың пайда болу қаупі артады.

Сальмонеллез, дизентерия, стафилококкты токсикоинфекция, сондай-ақ энтеровирустық инфекция сияқты аурулардың қоздырғыштары жедел ішек инфекцияларына жатады.

Ішек инфекциясын жұқтырудың негізгі жолы фекальды-оральды.

Демек осыдан, аурудың негізгі клиникалық көріністері: әлсіздік, бас ауруы, оған кейінірек құсу, сұйық нәжіс, іштің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, қалтырау қосылады.

Жедел ішек инфекциялары мен тамақтан улану оларды дұрыс сақтамаған және пісірмеген кезде пайда болатын бірқатар тағамдарды жеу арқылы пайда болуы мүмкін. Бұл, ең алдымен, сүт және кондитерлік өнімдерге, жұмыртқаға, құс етінен жасалған өнімдерге, жемістерге қатысты.

Өзіңізді және өз отбасыңызды ішек ауруларынан қорғау үшін келесі ұсыныстарды орындау қажет:

  1. Қауіпсіз азық-түлік өнімдерді таңдау.
  2. Рұқсат етілмеген және көше саудасын, стихиялық базарларды қоспағанда, азық-түлік өнімдерді тек белгіленген орындардан сатып алу.
  3. Жеке гигиена ережелерін сақтау.
  4. Ішек инфекцияларының 80% – дан астамы үйде тағамдарды дұрыс сақтамауға немесе пісіруге байланысты. Азық-түлік өнімдердің жарамдылық мерзіміне, сақтау шарттарына назар аудару қажет.
  5. Ішу үшін де және тамақ дайындау үшін де таза суды пайдаланыңыз.
  6. Шикі және дайын тағамдар арасындағы байланысқа жол бермеңіз.
  7. Тағамдарды жәндіктерден, кеміргіштерден және басқа жануарлардан сақтаңыз.
  8. Қажетті өнімдерді мұқият термиялық өңдеуден өткізіңіз.

Есіңізде болсын! Қарапайым гигиенаны сақтау – ішек инфекцияларынан сенімді қорғау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1008093?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді