Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов жұмысшы мамандықтар жылы аясында Altyntau Kokshetau кәсіпорынның жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Сапар барысында кәсіпорын басшысы Руфат Бауыржанұлын ұйымның қызметімен, даму жоспарларымен және бар проблемаларымен таныстырды.
Кездесулердің қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, одан әрі өзара іс-қимыл жолдары айқындалды.
Сондай-ақ, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1008156?lang=kk

Жауап қалдыру