
Аудандық мәслихат депутаты Индира Айтмуханбетқызының жұмысына жергілікті тұрғындардың көңілі толады. Тұрғындар кездесу барысында сұрақтарын қойып, жауап ала алды. Мәселен Жаңаауыл ауылында бүгінде интернет желісінің қолжетімсіздігі өзекті екендігін және ауыл көшелерінің ішкі жолдары асфальттанса деген ұсыныстары айтылды. Депутат тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әрдайым жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Жалпы, ауыл тұрғындары халық қалаулысының жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға беріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1008199?lang=kk

Жауап қалдыру