Цифлық министрлік пен Google.org мемлекеттік қызметкерлерге арналған ЖИ саласындағы оқыту бағдарламасын іске қосты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Google.org және халықаралық Apolitical платформасымен серіктестікте Build With AI for Public Sector 2025 бағдарламасының іске қосылғанын хабарлайды. Бұл бастама жасанды интеллектті мемлекеттік басқаруда қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған және Қазақстан Орталық Азия мен Кавказ өңірінде осы жаһандық бастаманы алғаш болып жүзеге асыратын ел болады.

Бұл бастама мемлекеттік қызметшілердің әртүрлі санаттарына басқару деңгейінен бастап орындаушыларға дейін бірегей мүмкіндіктер жасайды. Бағдарлама жасанды интеллект саласында қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің негізгі дағдылары мен білімдерін дамытуға, сондай-ақ сандық трансформация саласындағы халықаралық тәжірибені біздің өңірдің қажеттіліктері мен нақты жағдайларына бейімдеуге бағытталған.

Бағдарлама Astana Hub-та оффлайн-воркшоппен басталды, онда цифрландыру және деректерді басқару саласында жұмыс істейтін 40 мемлекеттік орган өкілдері халықаралық сарапшылармен бірге мемлекеттік секторда жасанды интеллектті қолданудың үздік тәжірибелерін талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараның ресми ашылуына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Google-дың Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Варнкинг қатысты.

«Біз мемлекеттік қызметшілер арасында цифрлық және ЖИ құзыреттерін дамытудың Қазақстанның цифрлық трансформация, технологиялық егемендік пен мемлекеттік қызмет сапасын арттыру салаларындағы стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыруға берік негіз қалайды деп сенеміз. Қазақстанның Google.org жаһандық бастамасына қатысуы елімізге деген сенімнің жоғары деңгейін білдіреді және халықаралық ЖИ экожүйесіне интеграциялануға деген дайындығымызды көрсетеді. Біз алынған білім мен тәжірибенің мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін шешуде нақты қолданылатынына және өңірдегі цифрлық экономиканы дамытуға серпін беретініне сенімдіміз», — деді министр Жаслан Мәдиев.

Оқу Google компаниясы әзірлеген AI Sprinters әдістемесіне негізделген және мемлекеттік қызметшілерге арналған жетекші халықаралық оқыту платформасы Apolitical-мен бірлесіп жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама бойынша әлемнің 160 елінен 250 000-нан астам мемлекеттік қызметші оқытудан өткен, ал енді ол алғаш рет Орталық Азияда ұсынылуда.

Build With AI for Public Sector бағдарламасы көпдеңгейлі форматта іске асырылады, яғни стратегиялық және тәжірибелік деңгейлерді қамтиды. Оқыту үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде цифрландыру саласындағы стратегиялық шешімдер қабылдауға жауапты 100 мемлекеттік қызметші оқытылады. Екінші кезеңде әртүрлі министрліктер мен ведомстволардан 1 000 маман ЖИ құралдарын күнделікті қызметіне енгізуге бағытталған қолданбалы оқытудан өтеді. Үшінші кезеңде барлық мемлекеттік қызметшілерге Apolitical әзірлеген Government AI Campus онлайн платформасы арқылы бағдарламаның базалық деңгейіне ашық қолжетімділік беріледі.

Барлық оқу материалдары қазақ және орыс тілдеріне бейімделіп, кең аудитория үшін қолжетімді және ыңғайлы болады.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға ресми сертификат табысталады. Бағдарламаны іске асырудың алғашқы кезеңінің нәтижелері және ЖИ шешімдерін енгізудің ең сәтті мысалдары 2025 жылғы қазан айында Астанада өтетін халықаралық Digital Bridge 2025 технологиялық форумы аясында таныстырылады.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1008304?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді