Құтқарушылардың балаларына арналған мереке

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері нағыз отбасылық мереке өткізді.

 

Балаларды қорғау күніне орай, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында қызметкерлердің балаларына арналған мереке ұйымдастырылды. Бағдарламада ойындар, тәттілер тарату және түрлі байқаулар болды. Кішкентай қонақтарға өрт-құтқару спортының шеберлері өз өнерлерін көрсетті — шабуыл сатысымен төртінші қабаттың терезесіне көтерілу мен кедергілер арқылы жүгіру көрсетілді, сондай-ақ аниматорлар – алып қуыршақтар театры өнер көрсетті.

Мерекенің шарықтау шегі — балаларға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған логотипті бояу ұсынылды. Балалар бұл тапсырмаға аса жауапкершілікпен қарап, алдын ала асфальтқа дайындалған трафаретті түрлі түсті борлармен бояды.

Мереке соңында әр бала сыйлыққа ие болды, ал өрт сөндіруші-құтқарушылар су шлангілерінен су шашып, нағыз су мейрамын ұйымдастырды.

 

Ақмола облысы ТЖД

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1008631?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді