
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 5 маусымда сағат 09.00–ден 18.00-ге дейін (түскі сағат 13.00–ден 14.30-ға дейін) өтетін “Ашық есік күні“ өтеді. Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Назарбаев көшесі 60.
Департамент қызметкерлері медициналық қызмет көрсету (көмек) және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласын реттейтін нормативтік–құқықтық актілерге қатысты барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1008553?lang=kk
Жауап қалдыру