
Ақтөбе қаласында оқушылар арасында дәстүрлі түрде өткізілетін «Жас құтқарушы» облыстық слеті табысты ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстың барлық аудандарынан және Ақтөбе қаласынан 14 құрама команда қатысып, 112 оқушы бақ сынады.
Слеттің мақсаты – оқушыларға қауіпсіздік мәдениетін үйрету, алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру және құтқару бағытындағы білімдерін арттыру.
Сайыстар келесі бағыттар бойынша өтті:
• «Газет-жарнама қалқаны»;
• «Өрт эстафетасы»;
• «Алғашқы көмек»;
• «Жауынгерлік қанат жаю»;
• «Су тосқауылы және құтқару»;
• «Капитандық жарыс».
Қатысушылар төтенше жағдайларда әрекет ету шеберлігін, командалық рух пен ептіліктерін көрсетті.
Жалпыкомандалық нәтиже:
• І орын – Мәртөк ауданы;
• ІІ орын – Байғанин ауданы;
• ІІІ орын – Мұғалжар ауданы.
Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Мәртөк ауданының командасы республикалық кезеңге жолдама алып, Көкшетауда облыс намысын қорғайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1008465?lang=kk
Жауап қалдыру