САРЫАҒАШ: ОРТАЛЫҚ СТАДИОНҒА  ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін  аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орналасқан орталық стадионға  бастау алған  күрделі жөндеу жұмыстарының барысын арнайы барып, бақылады.

–Тұрғындар игілігіне салынатын әрбір дүние сапалы және толық қызмет атқаруы қажет. Ауданның келбетіне сай сапалы, көрікті стадион болуы керек. Сол үшін стадионға орналастырылған жаңа жабдықтардың барлығы жоғары сапалы және жан-жақты қауіпсіздік шаралары  да ескерілуі қажет.  – дей келе Арман Абдуллаев, мердігерге бірқатар ескертулер беріп, құрылыс жұмыстарына  сапалы материалды пайдалануды тапсырды. Оған қоса, жұмыс жоспарына сәйкес құрылыс нысанына әр екі апта сайын арнайы барып, жіті бақылайтындығын жеткізді. Ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  басшысы  Ә.Ташпулатовқа бақылауды тапсырды.

Сарыағаш аудандық балалар және жасөспірімдер спор мектебіне қарасты  орталық стадион құрылысына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, жауапты мердігер “  ВИБО-строй” ЖШС-і тарапына жүргізілуде.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1008663?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді