
А.ж 29 мамыр күні ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық мешіттің конференция залында «Құрбан айт – Жаратқанға жақындау мен қайырымдылықтың мерекесі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Спикерлер Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев пен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб имамы Махамбет Бисенов.
Биыл «Құрбан айт» діни мерекесі маусымның 6 күні «Айт намазы» -нан кейін 3 күн тойланатын болады.
Облыстың Бас имамы биыл құрбан шалу елімізде онлайн және офлайн форматта өтетінін мәлімдеді. «Qurban2025.kz» сайтында дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында штаб құрылғанын айтты. Одан өзге айт күндері ақтөбелік шаруаларға мал бағасын шарықтатпай, пайдаға емес, сауапқа бөленуге үндеді. Қала тұрғындарын құрбан шалу барысында санитарлық нормаларды сақтауға, құрбандыққа шалатын орындарда шалуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-din/press/news/details/1008424?lang=kk

Жауап қалдыру