Аудандық мәслихат депутаттары Е.Ж.Жәнібеков пен Ж.Қ.Сакетаева өз сайлаушыларының алдында 2024 жылғы атқарған жұмыстары туралы есеп беру кездесуін өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 30 мамыр күні аудандық мәслихат депутаттары Ербол Жәнібекұлы Жәнібеков пен Жанна Қинаятқызы Сакетаева Ақжар ауылының Ақжар мәдениет үйінде №3, №4-ші округ тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті.

Есеп беру кездесуі барысында тұрғындарды өткен жылғы жұмыс нәтижелерімен таныстырды. Есепті кезеңде тұрғындар көше жарықтандыру, ішкі жол көшелерін жөндеу жұмыстары, тұрғын үй мәселелері, карьер, абаттандыруға қатысты және тағы басқа ұсыныстар бойынша сұрақтарын көтерді.

Кездесу барысында тұрғындар қойылған барлық сұрақтарына әр мәселе бойынша толық жауап берді, сондай-ақ, олар округтегі жұмыстарды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

Жалпы, тұрғындар депутаттардың жұмысын  «қанағаттанарлық» баға беріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1009367?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді