
2025 жылғы 28 мамыр күні «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің Көксу аудандық филиалының басшысы Азимханов Серік Сыдықұлы және Мұқаншы ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Қасымов Жандар Бекұлы округке қарасты отгондық жайылым учаскелерінде аса қауіпті шегірткелердің ошақтарын анықтау және барлау жұмыстарын жүргізді.
Барлау нәтижесінде шегірткелердің таралу аумақтарының нақты координаттары белгіленіп, зиянкестердің тығыз орналасқан аймақтары тіркелді. Жиналған деректер негізінде алдағы уақытта шегірткеге қарсы әуеден химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Аталған шаралар ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғауға, өнімділікті сақтауға және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Барлау жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/1009363?lang=kk

Жауап қалдыру